Қазақстанда телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар және бірыңғай QR жүйесі іске қосылғалы бері 1,4 трлн теңге сомасына 75 млн транзакция жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бұл жүйе елдің төлем нарығын біріктіріп, барлық банктер арасында кедергісіз төлем жасауға мүмкіндік берді, бизнес пен азаматтарға қосымша қолайлылық туғызды. Жалпы, соңғы онжылдықтарда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 116 есе өсіп, 190 трлн теңгеге жетті. Бөлшек сауда айналымындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесі 90%-ға дейін жетеді, – деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, банктер клиенттер үшін бәсекелестікті күшейтіп, тиімді тарифтер ұсына бастаған.
– Олар бизнеске арналған комиссияларды төмендетіп жатыр. Бұл басқа реформалармен және қабылданған шаралармен қатар, соңғы үш жылда кәсіпкерлер үшін комиссиялардың 40%-ға азаюына ықпал етті, – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
Осы жылдың 19 шілдесінен бастап Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR-код жүйесі мен телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бірыңғай QR көмегімен қазақстандықтар кез келген банктің қосымшасы арқылы сатып алған тауарлары мен қызметтерінің ақысын төлеп, бір POS-терминал арқылы төлем қабылдай алды.
2026 жылғы қыркүйекте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылғалы бері төлемдер көлемі 400 млрд теңгеден асқанын мәлімдеді. Транзакциялар саны 20 млн-ға жеткен.
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесі негізінде 2027 жылы тағы үш сервисті іске қосу жоспарланып отыр. Соның бірі – әртүрлі банктердің клиенттері арасында шот ұсыну. Халықаралық тәжірибеде бұл Request to Pay деп аталады. Кәсіпкер немесе жеке тұлға шот жібереді, ал алушы оны өз банкінің қосымшасынан көріп, төлемді растайды.