15 наурызда республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.
Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі – өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат – мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.
Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу