Қазақстанда ресми жұмыссыздық екі есе өсті

1239

Қазақстанда ресми жұмыссыздық екі есе өсті

Қазақстанның жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны екі есеге жуық өсті, деп хабарлайды LS.

Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған статистикаға сәйкес, 2017 жылғы қарашада ресми жұмыссыздар саны 125,9 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 1,4 пайызын құрады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 64,6 мың адамға (0,7 пайыз) жеткен.

Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) жұмыссыздың жалпы саны 6,5 пайызға азайып, 1 млн адам, яғни, экономикалық белсенді халықтың 1,1 пайызын құрады.

Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) әдістемесіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі тұтастай алғанда экономикалық белсенді халықтың 5,4 пайызын құрады (2017 жылдың екінші жартысы). Оның ішінде Арменияда 17,8 пайыз (2017 жылдың екінші тоқсанында), Беларусьте 5,8 пайыз (2016), Қазақстанда 4,9 пайыз (2017 жылдың үшінші тоқсанында), Қырғызстанда 7,2 пайыз (2016 ), Ресейде 5,0 пайыз (2017 жылдың III тоқсаны).

Салыстыру мақсатымен: Грецияда жұмыссыздық деңгейі 20,6 пайыз (2017 жыл тамыз), Францияда 9,4 пайыз (қазан айы бойынша), Польшада 4,6 пайыз (қазан айы), АҚШ-та 4,1 пайыз (қараша), Германияда 3,6 пайыз (қазан), Жапонияда 2,8 пайыз (қазан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу