Қазақстанда рубльге сұраныс төмендеген

238

Биылғы бірінші жартыжылдықта қазақстандықтар рубльді сатып алғаннан гөрі жиі сатқан. 

Қазақстанда рубльге сұраныс төмендеген Фото: 716.kz

Айырмашылық 8,6 млрд теңгені құрап отыр. 2022 жылғы қаңтар-маусымда +256,2 млрд теңге болды, деп жазады inbusiness.kz DataHub-қа сілтеме жасап.

“Ресей валютасына сұраныс республиканың барлық аймақтарында төмендеді. Ең көп төмендеу Астана (+38,7 млрд теңгеден -5,7 млрд теңгеге дейін), Алматы (+19 млрд теңгеден -14 млрд теңгеге дейін) және ШҚО-да (+35,1 млрд теңгеден +6,7 млрд теңгеге дейін) тіркелді.

ШҚО рубльге сұраныс ең жоғары өңір болса, Алматы – бұл валюта түрінен ең белсенді бас тартып жатқан қала”, - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

Жарты жылдықтың қорытындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарында рубль ең көп сұранысқа ие валюта болған.

Еуроға таза сұраныс 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 141,6 млрд теңгеден биыл 127,8 млрд теңгеге дейін төмендеді. 

“Өңірлер бойынша динамика да әр алуан: нетто-сатылымдар Астана (24,7 млрд теңгеден 16,5 млрд теңгеге дейін) және БҚО-да (108 млрд теңгеден 3,7 млрд теңгеге дейін) айтарлықтай азайса, Шымкентте (16,1 млрд теңгеден 25,7 млрд теңгеге дейін) артқан”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу