Қазақстанда салынатын төртінші МӨЗ-ге Қашаған мен Теңіздің мұнайы жөнелтілуі мүмкін

283

Кәсіпорын жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге қауқарлы.

Қазақстанда салынатын төртінші МӨЗ-ге Қашаған мен Теңіздің мұнайы жөнелтілуі мүмкін Фото: kmg.kz

Қашаған мен Теңіз кен орындарынан алынатын мұнай Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауыты үшін ықтимал шикізат ретінде қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жоба егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздемені дайындау кезеңіне өтті. Тапсырыс беруші бұл жұмысқа халықаралық инжинирингтік компанияларды тартып отыр.

"Сарапшыларға Қашаған мен Теңіз кен орындарынан шикізат жеткізу логистикасынан бастап, құрылысқа ең қолайлы орынды анықтауға дейінгі барлық нұсқаны жан-жақты есептеу тапсырылды. Зауыттың қай жерде орналасатыны жөніндегі шешім тек экономикалық тиімділік, логистика және технологиялық есептеулер негізінде қабылданады", – деді министр.

 Осылайша, Атырау облысында ірі кен орындарының орналасуы жаңа зауыттың дәл осы өңірде салынатынын білдірмейді.

Энергетика министрлігі басшысының сөзінше, төртінші МӨЗ ішкі мұнай өнімдері нарығының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кейіннен мұнай-газ химиясы өндірісін дамыту орталығына айналуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу