Қымбат мүлік иелеріне арналған салық нормалары жарияланды

186

Жылжымайтын мүліктің құнын есептеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізеді. 

Қымбат мүлік иелеріне арналған салық нормалары жарияланды Фото: gov.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде "сән-салтанат салығы" жеке салық түрі ретінде қарастырылмағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дегенмен, жекелеген қымбат мүлік санаттарына салық салу нормалары бекітілген.

Атап айтқанда, Салық кодексінде төмендегі жағдайлар көрсетілген:

  • Құны 18 000 АЕК-тен жоғары автокөліктер – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
  • Құны 24 000 АЕК-тен жоғары яхталар мен ұшақтар – сатып алу құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
  • Құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері – бір литр үшін құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;
  • Құны 10 000 теңгеден асатын темекі өнімдері (сигаралар) – әр данасына 10% мөлшерінде акциз салынады;
  • Жылжымайтын мүлік – бір меншік иесінің атына тіркелген барлық объектілердің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.

Жылжымайтын мүліктің құнын есептеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізеді. Әдетте бұл құн нарықтық бағадан төмен болып келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына қолданылатын сән-салтанат коэффициенті 1-ге тең, алайда жергілікті мәслихаттардың шешімімен оны 50%-ға дейін ұлғайтуға болады.

Салық мөлшері былай есептеледі:

  • егер меншік құны 450 млн теңгеден асса – 2 946 600 теңге + асқан сомадан 2%.
  • егер мүлік құны бұл шектен аспаса, әр объектіге бөлек салық салынады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу