Қазақстанда сейсмикалық қауіпті болжайтын ғылыми орталық құрылмақ

673

Қазақстанда "Сейсмология институты" мен "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" серіктестіктері біріктіріледі.   

Қазақстанда сейсмикалық қауіпті болжайтын ғылыми орталық құрылмақ Фото: Some.kz

Тиісінше, оған "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" атауы берілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Заңнамада белгіленген тәртіппен "Сейсмология институты" ЖШС мен "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылсын", - делінген "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысында.

Жаңа ұлттық ғылыми орталықтың негізгі қызмет бағыттары - күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық қауіпті бағалау, сондай-ақ ел аумағында сейсмикалық қауіпті аймақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, аталған қаулы 2022 жылы 21 желтоқсанда қолданысқа енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу