Қазақстанда шағын несие ұйымдарынан қарыз алу жиіледі

889

Қазақстанда шағын несие ұйымдарынан қарыз алу жиіледі

2017 жылдың екінші маусымында шағын несие ұйымдары (ШНҰ) 153,3 мың қарыз берген. Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 24% артық.

Екінші ширектегі несиелеу көлемі 96,9 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде 54,2%-ы ұзақмерзімді болса, 45,8%- ы қысқамерзімді.

Жеке тұлғаларға ШНҰ 69,8 млрд теңге несие берді. Соның ішінде тұтыну мақсатында берілген қарыз 43,2%, кәсіпкерлік қызметті дамытуға 56,8%-ы бағытталған.

Ал заңды тұлғалар 27,1 млрд теңге қарыз алса, 7,9%-ы негізгі қажеттіліктерді сатып алу мақсатында алынған.

Несие рәсімдеу жағынан алда тұрған өңір Алматы қаласы (республикалық көрсеткіштің 66,1%-ы) және ОҚО (11,9%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу