Қазақстанда шәкіртақы тағы көбейе ме?

91

Соңғы жылдары шәкіртақы айтарлықтай өскен.

Қазақстанда шәкіртақы тағы көбейе ме? Фото: turaninfo.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақы құнын өсіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомство басшысы соңғы бес жылда елде стипендия мөлшері жыл сайын 20-25%-ға көтерілгенін айтты. 

"2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға өсіп, біз бұл бағдарламаны толық аяқтадық. Шәкіртақы мөлшерін алдағы уақытта да жыл сайын арттырып отыру үшін Үкіметпен бірге оны қайта жалғастыру мәселесін пысықтайтын боламыз", – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбады. Бұл ретте докторанттардың стипендиясы жақсы өскені айтылды.

"Бүгінде PhD докторанттары ай сайын шамамен 254 мың теңге алады. Бұл соманы алдағы уақытта да ұлғайту жоспарланған", – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Министр мемлекеттік университеттерде оқу ақысы реттелетінін баса айтты.

"Сол себепті биыл да оқу құнының өсуін тежеп, барлық жоғары оқу орындарымен кеңесіп, оның күрт қымбаттауына жол бермейміз", – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу