Қазақстанда шілдеде 169 мыңнан астам көлік тіркеуге қойылды

247

Автопарктің басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды.  

Қазақстанда шілдеде 169 мыңнан астам көлік тіркеуге қойылды Фото: pioneerinstitute.org

2026 жылғы шілдеде Қазақстанда 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл маусымдағы көрсеткіштен 0,7%-ға жоғары.

Тіркелген көліктердің 87,7%-ын жеңіл автомобильдер құрады. Жүк автомобильдерінің үлесі – 5,6%, тіркемелер – 2,4%, автобустар – 0,9%, мотоциклдер – 0,8%, өзге де автокөлік құралдары – 2,6%.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 5 081,5 мың, жүк автомобильдері – 495,0 мың, тіркемелер – 263,2 мың, автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың, мотоциклдер – 74,6 мың және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың бірлік.

Шілдеде тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің ішінде қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі көліктердің үлесі ең жоғары болды – 35,2%, яғни 59 530 бірлік.

Бұл санаттағы көліктер Алматы қаласында – 6 160, Астанада – 5 436 және Алматы облысында – 5 340 бірлік тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу