Қазақстанда шілдеде баға өсімі баяулады

440

Шілдеде инфляция 0,6% болып, маусымдағы 0,8%-дан төмендеді.  

Қазақстанда шілдеде баға өсімі баяулады Фото: kaz.inform.kz

Қазақстанда 2026 жылғы шілдеде инфляцияның айлық деңгейі 0,6% болды. Бұл маусымдағы 0,8% көрсеткіштен төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде баға ең көп маусымдық жеміс-көкөністер арасында арзандаған. Қияр 22,6%-ға, қызанақ 17,7%-ға, сәбіз 5,3%-ға, банан 4%-ға, алма 2,7%-ға, апельсин 2,3%-ға, лимон мен картоп 1,6%-ға төмендеді. Сондай-ақ жұмыртқа 1,4%-ға, арпа жармасы 1,3%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде пайдаланылған жеңіл автомобиль 3,8%-ға, электр еттартқыш 2,2%-ға, кір сабын 1,5%-ға арзандады. Смартфондар мен көзілдіріктердің бағасы 1,3%-ға, шаш бояуы 0,7%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция шілдеде 10,2% болды. Маусымда бұл көрсеткіш 10,3% болған. Бір жылда азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7%-ға, азық-түлік 10,1%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға қымбаттады.

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда кейбір жеміс-көкөністердің бағасы да төмендеген. Қияр 31,6%-ға, қызанақ 26,5%-ға, пияз 10,9%-ға, сарымсақ 8,1%-ға, апельсин 7,8%-ға, алма 4,7%-ға арзандады. Күріштің бағасы 4,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында отандық құрастырылған жаңа жеңіл автомобиль 16,2%-ға, кондиционер 10,8%-ға, медициналық термометр 7,5%-ға, медициналық бинт 6,4%-ға арзандады.

Тұтыну бағаларының индексі инфляция деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі саналады. Ол ай сайын есептеліп, 537 тауар мен қызмет түрінің бағасы негізінде қалыптастырылады.

Инфляция динамикасы туралы деректер 2018 жылдан бергі көрсеткіштер қамтылған арнайы интерактивті дашбордта жарияланады.

2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% болып белгіленді.

stat.gov.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу