Елімізде шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кетті

176

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кетті Фото: istockphoto.com

2025 жылғы шомылу маусымы басталғалы бері елімізде бес адам суға батып қайтыс болды. 

Ведомство мәліметінше, суға кеткендердің бірі – Астанадағы 15 жастағы жасөспірім. Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер басқармасының бастығы Талғат Жамбауовтың айтуынша, оқиға 3 маусым күні Сарыарқа ауданында тіркелген. Жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп, қайтыс болды.

"2025 жылдың 9 маусымына дейін шомылу маусымы басталғалы бес адам суға кетсе, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 19-ға жетті. Оның ішінде жеті бала бар", – деді Талғат Жамбауов.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – суға түсуге арналмаған орындарды таңдау, балаларды қараусыз қалдыру және құтқару кеудешесінсіз балық аулау.

Бұған дейін Ақмола облысында алты жасар баланың қаза тапқаны хабарланған. Бала 10 күн бойы іздестіріліп, кейін мәйіті Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу