Қазақстанда смартфонмен басқарылатын автокөлік шығарылады

744

Қазақстанда смартфонмен басқарылатын автокөлік шығарылады

Биыл "Азия Авто" зауыты смартфонмен басқаруға болатын автокөліктер шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы "ҚазАвтоПром" Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Отандық автоөндірушілер енгізіп жатқан технологиялық шешімдердің бір бөлігі ретінде алғашқы  тоқсанда "connected car", яғни "іске қосылған автомобиль" жобасы бойынша жұмысты бастаған "Азия Авто" зауытын ерекше айтып өтуге болады. "Сonnected car" технологиялары – болашақ көлік жүйесінің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Міне, жақын арада Өскемен зауытынан шыққан автомобиль иелері смартфондағы қосымша арқылы өз көлігіне ие болады", – дейді Олег Алферов.

Оның айтуынша, Өскеменде құрастырылатын әр автомобильге орнатылатын телематикалық жүйелер автокөліктің техникалық жағдайын жеке смартфон арқылы қашықтықтан бақылауға, қозғалтқышты іске қосуға және тоқтатуға, жүксалғышты ашуға, жылдамдықты, температураны қадағалауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу