Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетілді

99

Жаңа ережеге сәйкес, енді бұл рәсімнен Tazalau жүйесі арқылы өтуге болады.

Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетілді Фото: fingramota.kz

Елімізде азаматтарды соттан тыс банкрот деп тану тәртібі жеңілдетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Dalanews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңартылған талаптарға сай, жеделдетілген банкроттық рәсімі енгізілді. Енді кей азаматтар бір ай ішінде банкроттық процедурасын бастай алады. Бұл мүмкіндік берешек көлемі 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда қолданылады. 2026 жылғы есеп бойынша бұл шамамен 6,9 млн теңге. Сонымен қатар, қарыз 5 жылдан астам уақыт бойы өтелмеген болуы тиіс.

Ал өзге өтініш берушілер үшін соттан тыс банкроттықтың стандартты тәртібі сақталады. Бұл рәсім бұрынғыдай 6 айға дейін созылады.

Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін талаптар жеңілдетілді. Енді атаулы әлеуметтік көмек алушылар да өтініш бере алады. Бұдан бөлек, 5 жылдан астам мерзімі өткен берешегі бар адамдарға да осы мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетейік, сәуірдегі ақпарат бойынша,Қазақстанда 170 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, қаржылай қиындыққа тап болып, төлем қабілетін қалпына келтіруге мұқтаж азаматтардың саны бұдан әлдеқайда көп.

Қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамның несие төлеу мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін кешіктірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу