Қазақстанда спорт саласындағы қызмет көлемі 21,3 пайызға өсті

360

2025 жылы спорт, демалыс және ойын-сауық қызметтерінің көлемі 878 млрд теңгеден асты.    

Қазақстанда спорт саласындағы қызмет көлемі 21,3 пайызға өсті Фото: Лайқос

Бүгін атап өтілетін Дүниежүзілік адал ойын күні аясында спорт саласының даму көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3 пайызға көп.

Статистикаға сәйкес, спорт саласындағы өзге қызмет түрлерінің көлемі 159,4 млрд теңгеге жеткен. Ал фитнес-клубтар қызметі – 79,7 млрд теңге, спорт клубтарының қызметі – 67,3 млрд теңге, спорт нысандарын пайдалану – 46,7 млрд теңге, ойын-сауық саябақтарының қызметі 34 млрд теңге болған.

Ең үлкен үлес демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі. Бұл бағыттағы көрсеткіш 485 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 55,3 пайызын құрады.

Дүниежүзілік адал ойын күні спорттағы әділдік, достық және ашықтық қағидаттарын насихаттауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу