Қазақстанда спорттық ойындар ғылыми-зерттеу институты құрылады

1265

Үкімет деңгейінде шешім қабылданып қойған. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңнен ұйымдастырылған тікелей эфир барысында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Қазақстанда спорттық ойындар ғылыми-зерттеу институты құрылады

Оның айтуынша, елімізде өзінің ғылыми-зерттеу институтының болуы бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ додаларда жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.

"Ұлттық Олимпиада комитеті спорттық медицина саласында көптеген жақсы жұмыстар атқарды. Медициналық орталықтар құрылды, заманауи жабдықтар алынды, біздің мамандар бұқаралық спортқа да, жоғары жетістіктер спортына да үйретуге тырысуда. Ал спорттық ойындар ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі қазірдің өзінде талқылануда. Олимпиадаларда өнер көрсету, мұның бәрі үкіметтің назарын аударуға және жалпы алғанда, осы ғылыми-зерттеу институтының құрылуына ықпал етуде. Бұл жұмысты Мәдениет және спорт министрлігі жүргізіп жатқанын білемін. Ал үкімет деңгейінде шешім қабылданып қойған", – деді Елсияр Қанағатов.

Еске сала кетсек, бұл күндері қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуде. Күні кеше ғана шорт-тректен сынға түскен отандасымыз Абзал Әжіғалиев төртінші орынды иеленді. Бұл ретте шорт-тректен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков өз шәкірттерінің өнеріне жоғары баға берген еді. Байрақты бәсекеде ел намысын 87 спортшы қорғауда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу