Қазақстанда су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйесі енгізіледі

129

Су саласы цифрландыру арқылы жаңа деңгейге өтуде. 

Қазақстанда су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйесі енгізіледі Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Кездесуде тараптар су шаруашылығы саласын цифрландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудың интеграцияланған DeepBas жүйесін енгізу мәселесіне назар аударылды.

Жоба су балансын болжау дәлдігін арттыруға, ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, құрғақшылық пен су тасқынына байланысты тәуекелдерді уақытылы анықтауға және алдын алуға бағытталған. Жүйе әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіруге және басқарудың негізделген шешімдерін қабылдауға арналған.

Кездесуге қатысушылар жобаның пилоттық бағыттарын және оны іске асыру мерзімдерін пысықтауға келісті, сондай-ақ DeepBas жүйесінің жұмыс принциптерін талқылады. Оған қоса, ақпараттық қауіпсіздік пен жерасты суын мониторингтеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

"Біз алдымызда тұрған мақсаттарға қол жеткізу озық халықаралық тәжірибені, үздік практикалар мен технологияларды зерделеу және енгізумен тығыз байланысты екенін түсініп отырмыз. Қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелер мемлекеттік су шаруашылығы саясатының тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан ҚР ҰҒА ұсынған DeepBas жүйесін әзірлеу бастамасын қолдаймыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу