Қазақстанда суперкомпьютер көмегімен метеоболжам сапасы артты

175

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда суперкомпьютер көмегімен метеоболжам сапасы артты Фото: Экология министрлігі

Қазгидромет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінде жоғары дәлдіктегі ауа райы болжамын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан Республикасының аумағы үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарында кеңістіктік ажыратымдылығы 2 км болатын Weather Research and Forecasting (WRF) сандық ауа райын болжау моделін іске қосты.

Жобаны жүзеге асыру Экология және табиғи ресурстар министрінің қолдауының арқасында мүмкін болды. Министр Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен Университет басшылығы арасындағы өзара іс-қимылды бастамалады.

Бұл ынтымақтастық Қазақстан ғылымын дамыту және халық пен мемлекеттік органдарды метеорологиялық қызметпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында білім беру мекемелері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) мен мемлекеттік құрылымдардың ("Қазгидромет" РМК) өзара әрекеттесуінің жақсы үлгісі.

– Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінде WRF моделін күн сайын автоматты түрде іске қосу жүзеге асырылады. Нәтижесінде Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, жел параметрлері және метеограммалар бойынша болжамдар қалыптастырылады. Есептеулер автоматты режимде орындалады, сонымен қатар модельдің шығыс деректерінің сапасы мен дәлдігін арттыру үшін оларды талдау қатар жүргізіледі. Жобаны іске асыру елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайтуға, қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен елдің жетекші университеті арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған, дейді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу