5 желтоқсаннан бастап тағы бір сала жұмысшыларының жалақысы өседі

506

Үкімет қаулысы 2026 жылғы 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

5 желтоқсаннан бастап тағы бір сала жұмысшыларының жалақысы өседі Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

2026 жылғы 19 қарашадағы Үкімет қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарының лауазымдық айлықақысын кемінде 25 пайызға көтеру көзделген.

Сонымен қатар орман шаруашылығы функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне де лауазымдық айлықақысын көтеру құқығы беріледі. Ол үшін кәсіпорындар республикалық бюджеттен қаржыландырылып, ауылдық елді мекендерде орналасуы қажет.

Бұған дейін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардағы ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық айлықақысын көтеру нормасы денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының қызметкерлеріне ғана қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу