Қазақстанда тағы бір шетелдік банк пайда болады

2087

Банк стратегия бойынша өзіне мүше емес елдерге 20 пайыз мөлшерінде кредиттік портфель ұсынады. 

Қазақстанда тағы бір шетелдік банк пайда болады

Қазақстанда тағы бір шетелдік банк пайда болады. Жаңа қаржы құрылымын ашуды Ұлттық экономика министрлігі ұсынды.

Солтүстік инвестициялық ұйым 1975 жылы құрылған. Штаб пәтері Хельсинкиде орналасқан. Банктің капиталы 6,1 млрд еуроны құрайды. Ал кредиттік портфелі өткен жылы 19,1 млрд еуро болған. Несиесі 25 жыл мерзімге беріледі.

Ведомство басшысы Руслан Дәленовтың сөзінше, банк стратегия бойынша өзіне мүше емес елдерге 20 пайыз мөлшерінде кредиттік портфель ұсынады. Көбіне қарызды жасыл экономика, телекоммуникация, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнеске береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу