2026 жылғы тамызда Қазақстандағы айлық инфляция 0,6% болды. Бұл көрсеткіш шілде айындағы деңгеймен бірдей, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тамызда баға негізінен маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір түрлерінде төмендеді. Атап айтқанда, картоп 12,3%, тәтті бұрыш 11,9%, қырыққабат 9,7%, жүзім 8%, пияз 7,7%, алма 5,1%, сәбіз 5%, лимон 4,7%, қызылша 3,6%-ға арзандады. Сонымен қатар алмұрт бағасы 1,8%, қияр 1,5%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер 5%, медициналық маскалар 2,9%, медициналық термометрлер 1,9%-ға арзандаған. Электр еттартқыштар мен балалар жөргектерінің бағасы 0,8%-ға төмендеді.
Жылдық мәнде 2026 жылғы тамызда инфляция 9,8% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 10,2%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,4%, азық-түлік тауарлары – 9,5%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.
Өткен жылдың тамызымен салыстырғанда жеміс-көкөністің бірқатар түрі арзандаған. Баялды бағасы 46,8%, қияр 39,9%, қызанақ 13,6%, алма 10,6%, сарымсақ 7,2%, мандарин 5,9%, қырыққабат 5,2%, банан 4,2%, апельсин 2,6%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа автомобильдер 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар 8%, кондиционерлер 7,6%, медициналық бинттер 3,1%-ға арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексі ай сайын есептеледі. Бақылау 537 позиция бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағалары мен тарифтерін қамтиды.
Инфляция динамикасын 2018 жылдан бергі көрсеткіштер қамтылған арнайы интерактивті дашборд арқылы бақылауға болады.
2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеуде азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 28,4%, ал ақылы қызметтер 30,5% құрайды.
stat.gov.kz