Қазақстанда тәуліктік мұнай өндірісі төмендеді

11 тамызда тәуліктік өндіріс 220,4 мың тоннаға, 12 тамызда 217,5 мың тоннаға, 13 тамызда 215 мың тоннаға дейін азайды. 

Қазақстанда тәуліктік мұнай өндірісі төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі жанындағы "Отын-энергетикалық кешеннің ситуациялық-талдау орталығы" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі

Ұйым мәліметі бойынша, МАЭК-тегі апатқа дейін республикада тәуліктік мұнай өндіру 232 мың тоннаны құрады.

"11 тамызда тәуліктік өндіріс 220,4 мың тоннаға, 12 тамызда 217,5 мың тоннаға, 13 тамызда 215 мың тоннаға дейін төмендеді", – деп хабарлады ұйым.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 11 тамызында Астана уақытымен сағат 14:20-да МАЭК ЖЭО-2 нысанында екі турбоагрегат сөндірілді. Бұл тек Маңғыстаудың ғана емес, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының электр желілері жүктемесіне әсер етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу