Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы тоқтайды

274

Хабар тарату 14 сағатқа тоқтатылады.

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы тоқтайды Фото: freepik

4 қарашада Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұған жоспарлы профилактикалық жұмыстар себеп. Бұл туралы "Қазтелерадио" компаниясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.

Хабар тарату Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.

Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын тарату желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу