Қазақстандықтар жаппай Telegram мессенджерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Detector404 порталының мәліметінше, Қазақстандағы қолданушылар Telegram жұмысындағы ақауларға шамамен сағат 11:25-тен бастап шағымдана бастаған.
Ақаулар Астана, Қарағанды, Павлодар облыстарында,сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі байқалған.
Шағымдардың 53,5 пайызы iOS қолданушыларына тиесілі. Олар негізінен хабарламалардың келмеуіне және мобильді қосымшаның жұмысындағы ақауларға шағымданған.
Қолданушылар "медиафайлдар жүктелмейді", "желіге қосылмайды", "хабарлама жіберу мүмкін емес" деген мәселелерге тап болғанын жазған.