Қазақстанда теңгемен салымдар 2016 жылдың басынан бастап шамамен екі есеге өсті - Д.Ақышев

961

Қазақстанда теңгемен салымдар 2016 жылдың басынан бастап шамамен екі есеге өсті - Д.Ақышев

Қазақстанда 2016 жылы депозиттер құрылымы өзгерді. Теңгедегі депозиттер 2016 жылғы қаңтардан бастап қараша аралығында алдын ала деректер бойынша 53,2%-ға өсті, ал шетел валютасында - 10%-ға төмендеді. Бұл жөнінде бүгін 2016 жылғы 11 айдағы  қорытындыға арналған ҚР Үкіметіндегі отырысқа қатысушыларға Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабардар етті.

Д. Ақышев атап өткендей, соның нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 70%-дан 2016 жылғы қарашада 56,7%-ға дейін төмендеген. Заңды тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері теңесті. Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы  депозиттердің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 80%-дан 2016 жылғы қарашада 64,4%-ға дейін төмендеді.

Д. Ақышев жыл басынан бері банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі өзгермей, 12,8 трлн. теңге болғанына да деректер келтірді.

"Алайда портфель құрылымында оң өзгерістер бар. Өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста кредиттеу жандана бастады", - деді Д. Ақышев. 

Ол Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыратындығын айтты. "Ел экономикасында дағдарысты құбылыстардың сақталуы жағдайда Ұлттық Банк қаржы нарығын реттеудің контрциклдық сипатын ұстанады, банк секторының жағымсыз оқиғаларға орнықтылығын тұрақты бағалауды жүргізеді", - деп қорытындылады Д. Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу