Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі өсті

445

Өткен жылы теңіз көлігімен 89,2 мың адам тасымалданды.   

Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі өсті Фото: 7kun.kz

2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Осылайша өткен жылы теңіз көлігімен 1 193,7 мың тонна тасымалданды — бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық. (2021 ж. – 812,9 мың тонна), деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3% артық. (2021 ж. – 552,8 млн ткм).  

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген. Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің 23% шыққан жылы 25 жылдан асқан, 22% 16-дан 20 жылға дейін, тағы 26,6% 11-ден 15 жылға дейін, теңіз көлігінің 9,9% шыққан жылы 5 жылдан аз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу