Қазақстанда төлем карталары нарығынан гөрі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымының дамуы озып тұр

1503

Қазақстанда төлем карталары нарығынан гөрі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымының дамуы озып тұр

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымының дамуы төлем карталары нарығынан ілгерлеп кетті, деп хабарлайды ranking.kz. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау әдісінің дендеп ену көрсеткіші әсіресе Астанада жоғары. Орташа алғанда  бір POS-терминалға бар-жоғы 36 картадан келеді. Жыл ішінде  елордада карталарды қабылдайтын сауда орындарының саны екі есеге –  5 мыңнан 9,9 мыңға артқан. Ал ең төмен көрсеткіш – Жамбыл  облысында. Онда бір POS-терминалға 185 активті картадан келеді. Бұл көрсеткіш ОҚО-да – 177 қана.  Қолма-қол ақшасыз төлем жасау инфрақұрылымы төлем карталарына қарағанда қарқындап барады.  Мәселен,  бір жылда пайдаланылатын карталардың саны бар болғаны 11%-ға, 7,9 млн бірлікке көбейген. Ол негізінен Алматыда көрініс тауып отыр. Жыл ішінде аталған қалада  активті карталардың саны 397 мыңға, ал жалпы еліміз бойынша 764 мыңға артқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу