Елде туберкулез деңгейі 11% төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау ұйымдары халықтың тәуекелді тобын толық тексеріп отырғанын айтады. Қазір ел аумағында 26 фтизиопульмонология орталығы жұмыс істеп тұр. Бұларда 3,5 мыңнан аса науқас емделеді.
Биылдыққа туберкулезге қарсы шараларының нәтижесін айқындау үшін 2200-ден аса тексеру жүрді.
Сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы жасақталады. Тіпті елде құрт ауруы мен обыр дертіне шалдыққан науқастарды ерте анықтаған дәрігерлерге бонус жүйесі енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу