Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталады

764

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде "2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталады

Осылайша, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;

Аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштері бар кіреберісте "сүзгілерді" ұйымдастыру және жабдықтау;

Келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;

Мобильді бригадалардың үйде шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;

Медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18 °с, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде +22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу міндеттеледі.

Қаулы 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу