Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер экипажы ғарышқа ұшу тәжірибесіне қатыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.
Олар – Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың қызметкерлері.
Ғарышкерлер 10 күн бойы ғарыш кемесінің көшірмесіне ұқсас арнайы жерүсті модуль-имитаторында сынақтан өтеді.
Бұл жобаны Қазақстанның батыры, ғарышкер Айдын Аймбетовтің бастамасымен Eurasian Ventures Group әзірлеген.
Айта кетсек, бүгін Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында "SANA-1" бірегей зерттеу жобасы ресми іске қосылды. Модуль ғарышқа ұшқандай әсер қалдыруға арналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу