Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді

1136

2022 жылы 2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады.    

Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді Фото: egemen.kz

2022 жылдың желтоқсан айында қарашаға қарағанда айлық мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында арзандаған. Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады. Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты", - делінген хабарламада

Бюроның мәліметінше, өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда  (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%).

Ал, тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласы (53,1%) ұлғайған.

Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу