Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша мәмілелер 28%-ға азайды

578

Қаңтар айында тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша жасалған мәмілелер саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 27,7%-ға (24294 операцияға дейін)  азайды, деп жазады inbusiness.kz krisha.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша мәмілелер 28%-ға азайды Фото: zhilfondtaraz.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, теріс динамика республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыста байқалды. Ең жоғары құлдырау (40%-дан астам) Түркістан, Абай және Ақмола облыстарында байқалды. Астана, Алматы, Шымкентте мәмілелер саны бір айда 19-30%-ға төмендеді.

24294 мәміленің 18415-і пәтерлер, ал 5879-ы жеке үйлер бойынша жасалды. Ресурстың жазуынша, пәтерлер бойынша операциялар желтоқсанмен салыстырғанда 7,6 мыңға, үйлер бойынша 1,6 мыңға азайды.

Қаңтарда жасалған мәмілелер саны бойынша Алматы (5599), Астана (4040), Қарағанды облысы (1972) көшбасшы атанды. Сектордағы ең аз мәмілелер Ұлытау облысында (285) жасалды. 

Жылдық динамикада биыл 2022 жылдың қаңтарына қарағанда мәмілелер саны 27,2%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу