Қазақстанда уақытша тіркеу үшін наурыздың ортасына дейін айыппұл салынбайды

1031

Қазақстанда уақытша тіркеу үшін наурыздың ортасына дейін айыппұл салынбайды

Құқық қорғау органдары тұрақты тіркелген жерінде тұрмайтын және уақытша тіркеуі жоқ азаматтарға наурыздың ортасына дейін айппұл салмайды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Заңға қосымша акт бекітілгенше, бүгінде әкімшілік заңнама нормасы  қолданылмайды. Сондықтан да наурыздың ортасына дейін әкімшілік жауапкершілікке бізде ешкім де тартылмайды. Ел азаматтарында асықпастан ХҚКО немесе электрондық үікімет порталы арқылы өз тіркеулерін рәсімдеу үшін бір жарым ай уақыты бар", – деді ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол тұрғылықты жері бойынша тексеру тек Алматыда ғана өткенін еске салып өтті. Бұл шара қысқы Универсиада қарсаңында  іске асырылды. "Қалған өңірлерде наурыздың ортасына дейін құқық қорғау органдары қандай да бір тесерулер жасамайды, тіркеуді талап етпейді", – деді Серік Сайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу