Қазақстанда ұл балаларға да папиллома вирусына қарсы екпе салынады

406

2027 жылдан бастап 11 жастағы ұл балаларды адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр.  

Қазақстанда ұл балаларға да папиллома вирусына қарсы екпе салынады Фото: gov.kz

Бұл туралы Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, 2027 жылы адам капиталына 10,5 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бағытталады. Қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық сақтандыруға жұмсалады.

Үкімет денсаулық сақтау саласын қаржыландырумен қатар, аурулардың алдын алуға да басымдық бермек. Мәселен, 2027 жылдан бастап төрт өңірде өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрі пилоттық режимде енгізіледі.

Сонымен қатар ұл балалар арасында АПВ-ға қарсы вакцинация да жүргізілмек. Қыз балаларға бұл екпе 2025 жылдан бері салынып келеді.

Бұдан бөлек, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшіруге байланысты 453 млрд теңге қайта бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу