Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

870

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы саналатын "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ өкілдері бүгін өткен брифингте хабарлады.

"Байқаудың негізгі мақсаты - барлық жастағы өнертапқыштарды,  мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға дейін қамту болып табылады", - деп атап өтті Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаева.

"Биылғы жылы жалпы жүлде қоры 11 млн.теңгеге дейін ұлғайып отыр. Байқау келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады: "Жылдың үздік рационализаторлық шешімі", "Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба", "Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба", "Үздік инновациялық өңір"/"Үздік инновациялық белсенді өңір". Сондай-ақ, биыл журналистер арасындағы байқау қайта өткізілетін болады" - деп атап өтті "ТДҰА" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов.

Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдер www.natd.gov.kz ресми сайтында қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу