Қазақстанда венчурлық капиталистер қауымдастығы пайда болады

1142

Қазақстанда венчурлық капиталистер қауымдастығы пайда болады

Елімізде жуырда Венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылатын болды. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мәлім етті, деп жазады LS.

Вице-министр биылғы жылдың шілде айында "Венчурлық қаржыландыру туралы" заң қабылданғанын тілге тиек етіп өтті.

"Ендігі жерде тәуекелі бар мәмілелер заңнамамен реттеледі, тараптардың мүдделері қорғалады. Көп кешікпей Қазақстанда тұңғыш Венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылатын болады", – деп мәлім етті ол.

Нұргүл Мауберлинованың айтуынша, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Астана хаб" та ашылғалы отырғанын атап өтті.

"Биыл "Астана хаб" халықаралық ІТ-стартабының жұмысын бастадық. Ол жерде стартаптарды қолдау үшін экожүйе құрылған, сондай-ақ технопарк базасында отандық және шетелдік ІТ-компаниялардың ERD-орталықтарын прототиптеу зертханаларын жайғастыру басты бағыт болып саналады. Хабтың ресми таныстырылымы "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың қарашасында өтеді", – деп нақтылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу