Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?

1854

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?

Қазақстанда зейнет жасы өзгереді. Кешелі бері әлеуметтік желілерде осындай жазба таралуда.  Онда ер адамдар 61 жастан, әйелдер 57 жаста зейнетке шығатыны айтылған. Ақпараттың шынайлығын анықтау үшін Atameken Business Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарласты. Жауапты ведомство жазбаны жоққа шығарды.

"Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ", – деп мәлімдеді министрлік.

Қазіргі уақытта елімізде ерлер мен әйелдер зейнетке жарты жылдық өсім бойынша 59,5 мен 60 жаста шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу