Қазақстанда зейнеткерлерге несие беру талаптары өзгереді

727

Бұдан былай қарт кісілер несие рәсімдеу үшін банк бөлімшесіне жеке өзі баруы тиіс.  

Қазақстанда зейнеткерлерге несие беру талаптары өзгереді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Елімізде зейнет жасындағы және зейнеталды жастағы азаматтарға несие беру тәртібі күшейтіледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, онлайн несие беру тоқтатылады. Ал, жаңа талап зейнет жасындағы және зейнеталды жастағы қазақстандықтарға қатысты қолданылады.

Ұлттық банк басшысы банк қызметкері клиентпен әңгімелесу барысында оның алаяқтардың ықпалында болуы мүмкін екенін байқаса және азамат несиенің нақты мақсатын түсіндіре алмаса, қаржы ұйымы несие беруден бас тартуға міндетті болатынын айтты.

"Мұндай жағдайда несие беруден бас тарту банктер үшін міндетті талап болады", – деді Тимур Сүлейменов.

Ол бұл талаптардың сақталуын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қадағалауы аясында бақылап отыратынын атап өтті.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, мұндай өзгеріс алаяқтардан халықтың ең осал санаттарын қорғау үшін жасалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу