banner

Қазақстанда жалған диплом үшін жаза күшейтілмек

1725

Елімізде жалған диплом жасағандардың жазасы бұрынғыдан да қатаңдатылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.    

Қазақстанда жалған диплом үшін жаза күшейтілмек

Өйткені, жалған диплом саны жыл сайын артып келеді. Тек өткен жылы ғана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары 20-ға жуық заң бұзушылықты анықтаған. Сорақысы сол, жалған ғылыми жұмысты ұстаздардың өзі жазып береді екен. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Қызылорда облысында колледж оқытушылары кейбір жоғары оқу орындарының жалған дипломдарын шығарғаны және сатқаны үшін жауапқа тартылған.

Ол аздай, оңай жолмен ақша тапқысы келгендер жарнамаларын әлеуметтік желілерде ашықтан ашық жариялайтын болған. Онда адамды сендірудегі басты құрал – барлық құжаттардың ресми бланкілерде басылып, нақты түпнұсқамен сәйкес келетіндігі. Жалған құжатты оригиналдан айыру кейде арнайы экспертизамен де мүмкін екенін ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер де растап отыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу