Атырауда өткен KAZDRILLING конференциясында барлау-бағалау бұрғылауының перспективалары, сервистік нарықтың дайындығы және отандық бұрғылау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров бұрғылау көлемін ұлғайту жаңа кен орындарын ашу және еліміздің ресурстық базасын толықтыру үшін қажет екенін атап өтті.
Мұнай-газ әлеуеті жоғары, аз зерттелген шөгінді бассейндерге ерекше назар аударылды.
Мұндай учаскелерді беру тәртібі жеңілдетілді: өтінім келіп түскеннен кейін Министрлік 10 жұмыс күні ішінде аукцион өткізеді. Жұмыс бағдарламасына сәйкес алғашқы үш жылда учаске аумағының кемінде 30 пайызында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және кейіннен барлау ұңғымаларын бұрғылау көзделген.
Қазақстандық қамтуды дамытуға да ерекше мән берілді. Бүгінде елімізде қажетті өндірістік құзыреттер қалыптасқан. Атап айтқанда, Атыраудағы "Жігермұнайсервис" зауыты бұрғылау қашауларын, калибраторларды және басқа да бұрғылау жабдықтарын шығарады.
"Біздің міндетіміз – бұрғылау қызметтерінің тұрақты әрі бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру. Нәтижесінде жаңа геологиялық ашылымдар жасалып, қорлар толықтырылып, отандық өндіріс дамып, білікті жұмыс орындары құрылып, салық түсімдері артуы тиіс", – деп атап өтті вице-министр.