Қазақстанда жаңа медаль: экономиканы дамытуға үлес қосқандар марапатталады

653

Медальге ел экономикасын нығайтуға атсалысқан Қазақстан және шетел азаматтары ие болады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанда жаңа медаль: экономиканы дамытуға үлес қосқандар марапатталады Фото: gov.kz

Қазақстандағы ведомстволық наградалар қатарына жаңа "Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі қосылады. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа медальмен ел экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан және шетел азаматтары марапатталады. Медаль Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық медалі болып саналады.

"Жобаны мақсаты – қызметкерлерді, жұмыскерлерді және өзге де тұлғаларды қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін көтермелеу және еңбегін ынталандыру" делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Медаль сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 мм шеңбер түрінде жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу