Қазақстанда жаңа отандық такси қосымшасы жасала ма?

720

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында, Цифрлық  даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасап, депутаттардың сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда жаңа отандық такси қосымшасы жасала ма?

Мәжіліс депутат, Елнұр Бейсембаев, "Яндекс такси" қосымшасында 200 мыңға жуық азамат жұмыс істейтініне назар аударды. 

Цифрлық даму министрлігіне жолдаған сауалында ол "аса қырағылықпен Үкіметтің тікелей назарын аударатын басты мәселе. Біріншіден, "Яндекс такси" жүргізушілерден алатын комиссия 18% пен 22% арасы. Бұл не деген дүниеқорлық. Біріншіден Бәсекелестікті дамыту агенттігі қайда қарап отыр?", деген депутаттың сөзінше бұл Қазақстанның салығынан да көп комиссия.

"Қазақстандық емес ұйымға қаражат кетіп жатыр" деген Елнұр Бейсембаев, осындай қазақстандық қосымша әлі күнге жасалмай отырғанына назар аударды. 

Депутат Бірнеше мемлекет бұл қосымшаның қызметінен бас тартқанын айтып, санкция кесірінен "ертең 200 мың қазақстандық жұмыссыз қалып қалу қаупі бар" екенін ескертіп, Бағдат Мусинге "Қазақстанда "Яндекс таксиге" бәсекелес болатын, отандық қосымшаны ойластыру жоспарларыңызда бар ма", деген сауал қойды.

Бұл сауалға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовтың берген жауабына сәйкес, қазіргі таңда аталған қосымшаның комиссиясына қатысты келіп жатқан шағымдар аз емес. 

"Қазір, бағаның қымбат болуына және байланысты екі тергеу жүргізіліп жатыр. Тек, сол тергеудің нәтижесі бойынша ғана жауап бере аламыз. Екіншіден бұл қосымша Астана және Алматы қалаларында монополист болып отыр, нарықтың 70%-ы оларға тиесілі. Тексеру қорытындысын қосымша хабарлаймыз" деді Болат Сәмбетов. 

Ал, Бағдат Мусиннің айтуынша, Қазақстанда бірнеше адам такси қосымшасын жасауға талпынды.

"Бірақ, жасай алған жоқ. Ол нарықтық орта. Ол бизнес 100 млн доллармен шектеліп қалмаған. Оны жасау үшін инвестиция ғана емес, толыққанды бір жақсы команда керек. "Kaspi" бар, "Halyk" бар.  Жасап жатырмыз ғой, олардың барлығы бір күнде қалыптасқан жоқ қой. Осыған да бет бұрған компаниялар бар. Бірақ, мен олар туралы айта алмаймын, рұқсат жоқ, ондай", деді Цифрлық даму министрі. 

Бұрын Didi аталатын қытайлық оператор нарыққа келгенін, бірақ ұзақ тұрақтамағанын айтқан, министр, осы компаниямен қайта келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Дүниежүзінде 193 мемлекет бар. Сол 193 мемлекетте үш компания жұмыс істеп жатыр. Ол - Didi, Uber, "Яндекс", деді Бағдат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу