Қазақстанда жаңа платформа жұмысын бастады

764

Қазнетте қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заң жобаларын талқылайтын жаңа платформа ашылды.  

Қазақстанда жаңа платформа жұмысын бастады

Идея авторы KAZGUU Университетінің айтуынша, www.kodeks.kz сайты  ғылыми пікірталас үшін құрылған.  Заңгерлер ғана емес, кез-келген азамат, БАҚ өкілі мен мүдделі тұлғалар да НҚА жобасының нақты ережелері мен нормаларын талқылауға қатысуға мүмкіндік алып отыр.

"Ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тегін болып табылатын платформа біздің өз қаражатымыздың есебінен құрылды. Контенті профессор-оқытушылар құрамының зерттеу нәтижесімен үнемі қазақ және орыс тілдерінде толығып отырады", - деді Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық кеңсесінің тікелей эфирінде KAZGUU Университетінің Провосты Сергей Пен.

Қазіргі уақытта кез келген ұйымға өзіне бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді басқаруға және редакциялауға мүмкіндік бердік. Нәтижесінде ҚР Конституциясын ғана емес, Кодекстері мен заңдарын  талқылауға мүмкіндік туды.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын талқылау жоспарлануда.

"Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанында Ғылыми-консультативтік кеңес жұмыс істейді. Бұл платформа ғылыми кеңестің мүшелігіне кірмейтін  басқа да ғалымдардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Сот қызметінде заңгер ғалымдардың ғана емес, қарапайым халықтың пікірі де маңызды. Егер Қазақстанның кез келген азаматы өз пікірін дәлелді түрде баяндайтын болса, онда оның ұсынысын өз жұмысымызда қолдана аламыз. Қазір судьяларға қатысты сын көп. Kodeks.kz осы сын-ескертпелерді  кәсіби диалог аясында қарастыра аламыз", - деді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының бөлім меңгерушісі Дәурен Еңсебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу