Қазақстанда Жасанды интеллект институты ашылады

188

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда Жасанды интеллект институты ашылады Фото: Высшая школа экономики

Елімізде жасанды интеллектінің ықтимал теріс әсерінің алдын алуға арналған жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. 

Үкімет басшысының айтуынша, педагогтердің цифрлық құзыретін арттыру үшін арнайы курстар ұйымдастырылып жатыр. Қазірдің өзінде 160 мыңға жуық мұғалім жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолдану бойынша оқытудан өткен. Оның 90 мыңы – 2024 жылы, ал қалған 70 мыңы – биыл білім алған.

Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарынан бастап еліміздің 180 мектебінде бағдарламалау негіздеріне арналған пилоттық жоба іске қосылды. Бұл курс 10–11-сынып оқушылары үшін оқу жоспарының вариативтік компоненті негізінде енгізілді.

2024 жылғы 16 шілдеден бастап nFactorial және Omnium IT-мектептерінде жасанды интеллект пен Game Development бағыттары бойынша 180 педагог пен "Өрлеу" ұлттық орталығының 120 жаттықтырушысы арнайы оқудан өтеді.

Білім беру саласында академиялық адалдық пен бағалау талаптарын қайта қарау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жасанды интеллект құралдарының ықтимал кері әсеріне қарсы жаңа әдістемелер дайындайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу