Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

248

Электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін жеткен.

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты Фото: kt.kz

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру көлемі соңғы он жылда айтарлықтай өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің елдегі жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.

Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен өндірілген электр энергиясының көлемі 2015 жылы 9,5 млрд кВт·сағат болса, 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Осы кезеңде олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға артты.

Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін жетті. Яғни он жыл ішінде өндіріс көлемі 16 еседен астам артқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу