Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау тоқтатылды

876

Нақты қайта іске қосылу күні әлі белгісіз.

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау тоқтатылды

Үш банк те – Еуразиялық банк, Halyk Bank және Банк ЦентрКредит жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты.

Бұған мемлекет тарапынан қаржының бөлінбегені себеп.

"Жалпы 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. Біздің банкте өтініштерді қабылдауды қалпына келтірудің нақты мерзімдері әзірге белгісіз. Екінші транштың түсу уақыты туралы ақпаратты күтеміз", – деп хабарлады Еуразиялық банк баспасөз қызметі.

Банк басшылары өтініштер шегінің таусылғанын хабарлады. Тіпті, өткен жылдардан бері көлікке кезекте тұрғандар да ала алмады. Жеңілдетілген несиелеуге рұқсатты өтініш беріп үлгерген қазақстандықтар алды. Бірақ қазір қарызға автокөлік алуды ұйғарғандар белгісіз уақытқа дейін өтініш бере алмайды.

Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылында орналасқан Kia Allur автосалонында көліктер жеткілікті, бірақ соңғы кездері банктер арқылы несиелендіруге қаржы қарастырылмаған деп жауап берді.  

Әзірге тек ForteBank өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Жалпы автосалондағы электронды кезекте "темір тұлпар" сатып алғысы келетіндердің саны 13 мың адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу