Қазақстанда жеңілдетілген несиеге тағы 200 миллиард теңге бөлді

545

Қаражат 2021 жылдың 31 наурызына дейін игерілуі керек 

Қазақстанда жеңілдетілген несиеге тағы 200 миллиард теңге бөлді

ШОБ-ты жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілді.

"Төтенше жағдайдан зардап шеккен агроөнеркәсіптік кешендегі ірі бизнес пен кәсіпкерлерге несие беру үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды; ақшаны игеру мерзімі 2021 жылдың 31 наурызына дейін", - деді Ұлттық банк.

Қадағалаушы орган бір қарыз алушы - ірі кәсіпкерлік субъектісіне 6 млрд теңгеге дейін шектеу қойылғанын айтты. ШОБ үшін ол - 3 млрд теңгеден, жеке кәсіпкерлер үшін - 50 млн теңгеден аспайды.

"Агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдетілген қаржыландыруға арналған қосымша 200 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін лимит бөлінді, оның 70 млрд теңгесі банктер арқылы, ал 30 млрд теңгесі – "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы беріледі", - деп түсіндірді Ұлттық банк.

Бағдарлама биылғы жылдың наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимін енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қабылданған болатын.

18 қарашадағы жағдай бойынша 1,3 мыңнан астам ШОБ (1168 ШОБ және 202 жеке кәсіпкерлер) 455,3 млрд теңгеге несие берілген, оның 101,6 млрд.теңгесі бұрын берілген заемдарды қайтарудан алынған ақшадан. Қаражаттың басым бөлігі сауда саласында ғы бизнеске 319 млрд теңге (70%), құрылысқа - 44,9 млрд теңге (9,9%), өңдеу өнеркәсібіне - 39,8 млрд теңге (8,7%) берілген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу