Қазақстанда жерасты суын басқаруға арналған ақпараттық жүйені іске қосу аяқталды

109

Биыл жүйені жергілікті жағдайға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда жерасты суын басқаруға арналған ақпараттық жүйені іске қосу аяқталды Фото: canva

Мемлекет басшысының жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәліметті қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйе құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Water Base ақпараттық жүйесін орнату және оны іске қосу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Water Base жүйесі жерасты суының жағдайын бақылауға, су ресурстарының тізімін қалыптастыруға, карталар арқылы көрнекі түрде көрсетуге, талдамалық ақпарат дайындауға, қашықтағы көздерден, соның ішінде бақылау датчиктерінен жедел мәлімет алуға, сондай-ақ басқа ұйымдармен және ведомствоға қарайтын мекемелермен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Сонымен қатар Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің Ахуалдық-талдамалық орталығын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау жобасы қатар жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу