Қазақстанда жергілікті крипто биржа ашылды

445

Жаңа платформа отандық екінші деңгейлі банктермен интеграцияланған.

Қазақстанда жергілікті крипто биржа ашылды Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде жергілікті цифрлық активтер платформасы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мұнда криптовалюта активтерін сақтау, айырбастау, депозитке салу және алу қызметтері қолжетімді болады. Жаңа платформа отандық екінші деңгейлі банктермен интеграцияланған. Бұл криптовалютаны сатып алуға және сатуға, сондай-ақ отандық банктер арқылы қаражатты толықтыруға және алуға мүмкіндік береді. Бір операция үшін шекті сомма 420 мың теңге. Платформа қаржы қызметтерін реттеу комитетінен алынған лицензия арқылы жұмысын жүргізеді.

"Бұл барлық қызметі зағдастырылған, тұтынушылардың құқықтарын толық қорғалатын алаң. Біз алғашқыда платформаны жеке тұлғалар үшін аштық. Енді одан әрі платформа жұмысын жетілдіріп, екінші жартыжылдықтан бастап корпоративтік клиенттерге өз қызметімізді ұсына аламыз", - деді Binance Kazakhstan бас менеджері Жасұлан Мәдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу