Қазақстанда жиһаз 25%-ға қымбаттаған

645

Еліміз жиһазды негізінен ТМД елдерінен импорттайды. Биыл 8 айда 238 миллион долларға үйге арналған жиһаз әкелінді.  

Қазақстанда жиһаз 25%-ға қымбаттаған Фото: egemen.kz

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жиһаз өндірісі 46,7 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 44,9 млрд теңге болатын, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе жиһаз өндірісі ең көп шоғырланған - Алматы қаласы. 13,4 млрд теңгенің өнімі шығарылған жылдық көрсеткіш 33,6% төмендеген. Алғашқы үштікке Алматы (3,5 млрд теңге, жылдық өсім 34,9%) және Павлодар (3,5 млрд теңге, өсім 32,3%) облыстары кірді.

Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаштан жасалған жиһаз өндірісі (56,9 мың дана, жылдық өсім 35,5%), сондай-ақ ас үй жиһазын өндіру (73 мың дана, өсім 20%) айтарлықтай өсті. Металл қаңқасы бар орындықтардың, табурет және басқа да отыратын жиһаздар өндірісі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,6%-ға өсіп, 869,1 мың дана болды. Кеңсеге арналған ағаш жиһазының өндірісі бір жылда 42,3%-ға құлдырап, 173,3 мың дананы құрады және төсек пен шкафтан өзге жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаздарды жасау - 24,5%-ға азайып, 30,2 мың дана болды.

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан 237,7 млн долларға 85,8 мың тоннаға үйге арналған жиһаз бұйымдарын импорттады. Нақты импорт 2,1%-ға өсті.Импорттың негізгі көлемін ТМД елдері қамтамасыз етті: 78,3%. Жыл басынан бері бұл елдерден Қазақстанға 67,2 мың тонна жиһаз әкелінді, жыл ішінде 1,3%-ға төмендеген. Жиһаздың басым бөлігі Ресейден әкелінді, 36,4 мың тонна – өткен жылдан 27,9%-ға аз. Одан кейінгі орындарды  Беларусь пен Украина иеленді. ТМД елдеріне кірмейтін мемлекеттерден Қазақстанға 90 млн долларға 18,6 мың тонна жиһаз әкелінді. Негізгі жеткізушілер Қытай мен Түркия болды.

Биыл қазан айының қорытындысы бойынша жиһаз және тұрмысқа қажетті өзге де заттардың бағасы бір жылда 24,8% -ға өскен. Өңірлік тұрғыда жиһаз бағасы Астанада қатты қымбаттады, бірден 48,1%. Одан кейін Қызылорда (45,6%) және Түркістан (45,5%), Шығыс Қазақстан (38,7%), Атырау (36,3%) облыстарында қымбатшылық байқалды. Сектордағы баға жыл ішінде ең аз өскен Алматы қаласы (8,5%) болды.

ИИДМ министрлігінің мәліметіне сай, өткен жылы елімізде жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы 221 млрд теңгеге жетіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу